Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның жеті облысында үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде 26 мамырда Қостанай, Ақтөбе облыстарында, 26-27 мамырда түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 1-6 градус үсік болады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 мамырда түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). 26-сы түнде 27 мамырда солтүстік батыстан 15-20 м/с жел тұрып, ол оңтүстік-шығысқа ауысады, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с жел тұрады. кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, 25 мамырда ертеңгісін және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде оңтүстіктен жел тұрып, солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады,екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерде күн күркірейді.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53