Алдағы үш тәулікте Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі

Күні: 18:30, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 12-14 ақпанда тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласы.: 12 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 12 ақпан күндіз-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с; 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с; 13-14 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: