Астана. 16 шілде. ҚазТАГ - Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады, бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.
«Нұр-Сұлтан бойынша 16 шілдеге арналған ауа райы болжамы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +18+20, күндіз +33+35; 17 шілдеде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +18+20, күндіз +30+32; 18 шілдеде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +27+29», - делінген хабарда.
Болжамға сәйкес, Алматыда 16 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде, +20+22, күндіз +33+35; 17-18 шілдеде – құбылмалы бұлтты, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +21+23, күндіз +33+35.
«Шымкент бойынша 16 шілдедегі ауа райы болжамы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, шығыстан 8-13 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +20+22, күндіз +38+40; 17-18 шілдеде: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +21+23, күндіз +39+41», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі28 Наурыз 2024, 10:17
-
Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Қытайға келді28 Наурыз 2024, 09:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03