Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Күні: 10:37, 06-06-2019.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Синоптиктер 6-8 маусымда Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатыны туралы айтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6 маусымға арналған Нұр-Сұлтан бойынша ауа райы болжамы: құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с болады, түнде ауа температурасы +7+9, күндіз +14+16; 7 маусымда: күн бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екіпні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде +8+10, күндіз 16+18; 8 маусымда: құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 18 м/с, ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +16+18», - делінген сәрсенбіде таратылған қысқа мерзімді ауа райы болжамында.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Алматыда 6 маусымда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 2-7, күн күркірегенде екпіні 12 м/с, түнде 16+18, күндіз +25+27; 7 маусымда – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 3-8 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +25+27; 8 маусымда – құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 3-8 м/с жел тұрады, күн күркірегенде 12 м/с болады, түнде +16+18, күндіз +25+27.
«Шымкент бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы: құбылмалы бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады, күн күркірейді, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, күн күркірегенде 15-20 м/с, түнде ауа температурасы +18+20, күндіз +29+31; 7 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +30+32; 8 маусымда: құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +28+30», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: