Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтанда күндіз 26, тәулік бойы 27 ақпанда жауын-шашын күтіледі (көбіне жаңбыр жауады), көктайғақ, жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 26 ақпан күні түстен кейін 15-20 м/с жел тұрады, 27 ақпанда 15-20 мс жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. 26 ақпан күні күндіз ауа температурасы +2+4 дейін жетеді», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.
«Күндіз 26 ақпанда Қарағандыда, күндіз 26-сы, түнде 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 27 ақпанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (көбіне жаңбыр) жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 26 ақпанда кей жерлерде 15-20 м/с болады, 27 ақпанда 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 0+5 дейін көтеріледі», - делінген хабарда.
Сонымен қатар Ақтөбе және Қостанай облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.
«26 ақпанда Ақтөбе облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (көбіне жаңбыр). Кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 25 ақпанда ауа температурасы 0+5 дейін көтеріледі, кей жерлерде +8. 26 ақпанда Қостанай облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (көбіне жаңбыр жауады). Кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы -2+3 дейін көтеріледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage