Алдағы үш жылда Астанада 16 мектеп салынады деп жоспарлануда

Күні: 18:30, 07-11-2018.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ - Алдағы үш жылда Астанада 16 мектеп салынады деп жоспарлануда, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайтынан.  
Хабарда атап өтілгендей, Астанада бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті.  
«Біздің бюджет негізінен даму жобаларымен байланысты. Бұл мектепке дейінгі білім нысандарының құрылысы.  Үш  жылда біз Астанада 24 білім беру нысанын салуды жоспарлап отырмыз, оның 16-сы мектеп, сегізі жапсарлас құрылыс.   2019 жылы  №65 және №83 мектептеріндегі жеделсатыға қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», – деп хабарлады қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы  Ғали Исқалиев.


Жаңалықтармен бөлісу: