Алдағы сынақ жылдарын тек бірлігі бекем мемлекеттер ғана еңсереді – Назарбаев (толығырақ)

Күні: 18:40, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алдағы сынақ жылдарын тек бірлігі бекем мемлекеттер ғана еңсереді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен өзімнің үлкен тәжірибем арқылы алдағы жылдар әлемде және біз үшін де жаһандық сынақ уақыты болатынын көріп отырмын. Әлемнің сәулеті өзгеретін болады. Бұл кезеңнен келісті өту барлық мемлекеттің қолынан келе қоймайды. Бұл кезеңді тек бірлігі бекем алпауыттар ғана еңсереді», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
Сонымен бірге ол геосаяси дағдарыс дағдарыстан кейінгі әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін қосымша кедергі болып табылатынын атап өтті.
«Бүгінде бүкіл әлем жаңа қауіп-қатерлерге тап болып отыр. Әлемдік экономика ақыры  жаһандық қаржылық, экономикалық дағдарыс салдарынан арыла алмады, қалпына келуі баяу әрі сенімсіз қарқынмен жүруде, әлдеқайда құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс, көшбасшы алпауыттардың санкциялық саясаты әлемдің экономиканың қалпына келуі үшін қосымша кедергілер беріп отыр. Біз әлемдік экономиканың бір бөлігіміз және әлемде болып жатқан дүниелер бізге де әсер етеді. Біз әлемнің 100 елімен саудаласамыз – әлбетте, бұның барлығы өзара қабысып жатыр», - деп толықтырды ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан геосаяси шиеленіс эпицентрінің тікелей жақын орналаса отырып, әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде сол үдерістердің кері әсерін бастан кешіреді.
«Нәтижесінде біз не болып жатқанын көріп отырмыз – әлемдік нарықтардағы бағалар құлдырауда, жалпы алғанда экономикалық өсім саябырсуда», - деп атап өтті ол.
“Белгілі болып отырғандай, 2014 және келесі жылдардағы әлемдік экономика дамуының жорамалы: екі жылды Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк төмендеу жағына қарай қайта қарап шықты. Бұл да бізге ықпалын тигізбей қоймайды. Сол себепті де бізге жедел арада кейбір позицияларды қайта қарап, алдағы кезеңнің жоспарына түзету енгізу қажет. Бізде теңселіп жүретін уақыт жоқ», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы мемлекеттің жүзеге асыратын шараларын «2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырған жөн» деп есептейді.
«Біз жедел арада кері үрдістерге тойтарыс беруге арналған барлық мүмкін болған шараларды қабылдап, бұл нәрсе халыққа қатты кесірін тигізбеуі үшін олардың үмітін ақтауға тиіспіз», - деді ол.
«Бізде ондай тәжірибе бар. Бүгіндері менің тапсырмам бойынша үкімет осының өзінде белсенді жұмыс жүргізуде. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерін қайта қарап шықтық, парламент оны қарастырды, мен бекіттім. Және бұл дұрыс та, себебі біздің экспорттық шикізат ресурстарымыздың бағасының төмен сырғуы бюджеттің табыс бөлігіне түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Осы бюджет арқылы біз барлық әлеуметтік шығындарымызды қаржыландырамыз. Алайда осымен қатар үкімет алдына ауыр міндет, нақты міндет қойылып отыр – халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз ету», - деп толықтырды Н. Назарбаев.
Дағдарыс жағдайында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық саясатты қайта бағдарлау жүріп отырады, деп сендіреді ҚР президент.
«Қолдауды экономиканың өсімі мен адамдардың жұмыспен қамтылуында басым мультипликативтік нәтиже құратын салалар алуы тиіс. Ондай тәжірибе бізде болды емес пе. 2007-2009 жылдардағы тап сол қорқынышты әлемдік дағдарыстағы дағдарысқа қарсы сәтті шараларымызды еске алудың өзі жетерлік. Егер естеріңізде болса, жол картасы мен басқа да іс-шаралар бізге жұмыссыздық пен халық табысының кенет артып кетуіне жол бермеуге мүмкіндіктер туғызған еді», - деп атап өтті ол.
«Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға өз түзетімдерін енгізеді», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: