Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда алдағы төрт күнде жаңбыр жауып, салқын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Оралдың үстінде орналасқан циклон Батыс Сібір арқылы, ал онымен байланысты атмосфералық ағымдар Қазақстан арқылы ығысады. Сондықтан республиканың батыс және солтүстік облыстарында жаңбырлы және салқын ауа-райы сақталады. Салқын және дымқыл ауа массалары шығыс пен оңтүстік-шығыста таралады, күн күркіреп жауын жауады, қатты жел тұрады, ауа температурасы ұзақ мерзімді орташа мәндерден + 2 + 4 дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген сәрсенбідегі 29 тамыз - 2 қыркүйек аралығына арналған ауа райының болжамында.
Сондай-ақ, синоптиктер бейсенбіде Жамбыл облысында дауылды ескерту жариялады.
«29 тамызда күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Таразда 29 тамызда түстен кейін оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, кейде секундына 23 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер.
Алдағы төрт күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, суытады
