Алдағы төрт жылда ҚР үкіметінің резервіне бюджеттен Т312 млрд астам қаржы жұмсалуы мүмкін

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы төрт жылда ҚР үкіметінің резервіне бюджеттен Т312 млрд астам қаржы жұмсалуы мүмкін, делінген қаржы министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарлама жобасында.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар» (мың теңгемен – ҚазТАГ): 2018 – 126 044 348; 2019 – 67 840 330; 2020 – 4 450 000; 2021 – 120 000 000; 2022 – 120 000 000», - делінген құжатта.
Бағдарлама мақсаты ретінде «Қазақстан Республикасы үкіметінің шешіміне сәйкес резервті бөлу» аталған.
«Шығындар Қазақстан Республикасы үкіметінің арнайы резервіне ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін және республикалық бюджетті әзірлеу барысында жоспарланбаған кенеттен туындайтын шығындарды қаржыландыруға жұмсалады. Резервтегі қаржы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы негізінде бөлінеді», - делінген бюджеттік бағдарлама жобасының негіздемесінде.

adimage