Алдағы тәулікте Қазақстанның үш облысында тұман, бұрқасын және көктайғақ күтіледі

Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ - Алдағы тәулікте Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстарында тұман, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, баяу бұрқасын, күндіз көктайғақ сақталады. Кей жерлерде шығыстан 15-20, күндіз екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ.: 22 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сонымен қатар, 22 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
«22-24 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, тұман; 22 желтоқсан жолда көктайғақ сақталады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage