Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – 20-22 желтоқсанда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -35 дейін күн суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде температура 30...35°С дейін төмендейді, бұл қалыпты нормадан +6+9», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, суық арктикалық ауа ағындарына байланысты алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында бұрқасын болып, қар жауады және екпінді жел соғады.
«Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклонға байланысты жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы суытады. Ал, Қазақстанның таулы аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің ықпалында болады. Мұнда өткінші қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал», - деп атап өтті синоптиктер
.
Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -35 дейін күн суытады
