Алдағы тәуліктерге Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Алдағы тәуліктерге Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 1-2 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 01, тәулік бойы 02 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 1, 2 қаңтарда Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 1, 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дабылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 1-2 қаңтарда Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді.
«1 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты қар, көктайғақ күтіледі. Басым бөлігінде бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.», - делінген хабарда.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage