Александр Калинин: Бағалау қызметі туралы жаңа заңның қабылдануына не кедергі келтіруде?

Алматы. 11 қаңтар. ҚазТАГ - Анастасия Маторина. Қазақстанда тәуелсіз және әділ бағалау болады екен деп үміт етудің реті болмас, деп есептейді президиум төрағасының бірінші орынбасары, республикалық бағалау палатасының сарапшылар кеңесінің төрағасы Александр Калинин.
Парламент мәжілісінде екінші жыл «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заң жобасы талқылануда. Жаңа заңның қабылдануына не кедергі болып тұрғаны және ол азаматтарға несімен ұнамауы мүмкіндігі туралы ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында сарапшы айтып берді.

- 2009 жылдан бастап «Бағалау қызметі туралы» заң күшінде. Қазіргі құжаттың бұрынғысынан айырмашылығы неде?


- «Бағалау қызметі туралы» жаңа заңның тұжырымдамасы мен жобасын талқылау үш жылдай жалғасуда, оның ішінде мәжілісте – бір жылдан астам. Осы аралықта 15 отырыс өтті. Заңның жаңа жобасына 800 ұсыныс пен түзетулер енгізіліп, олар депутаттармен және мемлекеттік және басқа да мүдделі органдармен үйлестірілді.
Қорытындысында біз қолданыстағыдан айырмашылығы бар жаңа заң алдық: құжат 60% өзгертілді. Ол заң мәжілісте алғашқы оқылымында 2015 жылы 11 қаңтарда қабылданып, үкіметтен оң баға алғандығын атап кетуіміз керек.

- Ол неге осы уақытқа дейін күшіне енбеген?


- Ол кезде «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы талқыланып жатқан және оның қабылдануын күту керек деген бұйрық түсті. Күттік. Заң былтырғы қарашада қабылданып, осы жылғы мамырда күшіне енуі керек. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағалау туралы заң жобасының мысалында, себебі ол парламенттен шығар қарсаңында тұрғандықтан, осы заңның «Өзін-өзі реттеу туралы» заң ережелеріне сәйкестігіне талқылау процедурасын өткізді.
Біз осы екі құжаттың да баптарын талқыладық – олардың айырмашылығы мен қарама-қайшылығы онша емес. Бірақ «Өзін-өзі реттеу туралы» заңның 2016 жылы 12 мамырда күшіне енетінін ескерсек және осы екі заңның ережелерін үйлестіруге тағы бір жыл керек, ал біздің заң осыдан соң жарты жылдан кейін күшіне енеді. Сөйтіп, біздің ең негізгі салалық заңымыз күшіне 2 жылдан соң ене ме?!

- Ал ұлттық палатаның ұстанымы қандай?

- Бұл ретте ұлттық палатада өзін-өзі реттеу туралы, бағалау туралы және қазір мәжілістің жұмыс тобында жатқан «Кәсіпкерлік туралы» заң жобаларының өзара ықпалдастығын түсіну бұлыңғыр. Басты палата негізгі екі мақсатты көздейді – жарна жинау, және кәсіпкерлерді бақылау. Егер үкіметте де палатада да келісім болмай тұрса, оларды қалай басқаруға болады?
Оған қоса, басқа да – сала ішілік проблема бар. Әр кәсіби қоғамда келіспеушіліктер мен қарамақайшылықтар болады, және бағалау қызметі де солардың ішінде. Бағалаушы әріптестер тобы ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мәжіліске «Өзін-өзі реттеу туралы» заң қолданысқа енгізілгенге дейін бағалау туралы жаңа заңның қабылдануын кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасады. Осы жекелеген әріптестер бұрын да бағалау қызметтерінің сапасын бақылауды күшейтуді қарастыратын баға туралы заң жобасы мен тұжырымдамасына қарсылық танытқан болатын.
Олардың басты міндеттері – кез келген құралдар арқылы жеке бизнестерін сақтап қалу. Бақылаудың ешқандай түрі – сараптама, оқыту, этика кодексі, сетификаттау – оларға керек емес. Қолдаудың осы түрі үкімет пен парламентте мақұлданбады. Алайда проблеманы қайта көтерудң жаңа мүмкіндігі туды. Құдды бір біреулер мүлікті бағалауға қатысты болжам мен белгісіздіктің сақталуына мүдделі сияқты болып көрінеді.

- Қандай да бір нақты мысалдар бар ма?

- Иә. Сақтандырушылар, мысалы, «Бағалау қызметі туралы» жаңа заң арқылы жүргізушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жағдайында көлік құралдарына келтірілген зиянды өз беттерінше бағалау мәселесін шешіп алғылары келді. Бағалаушылар бас тартқасын, олар өздерінің «Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы» салалық заңына толықтыру енгізу арқылы, ағымдағы жылдың басынан бері сондай мүмкіндікке ие болды.
Банктер бағалау туралы заң жобасына өздерінің кепілге алынған мүлікті бағалауға тапсырыс беруші болып табылатындары туралы бап енгізді. Сондықтан тәуелсіз, әділ бағалау туралы ұмытса да болатындай, себебі «қалталы», оның үстіне мынадай дағдарыс жағдайында әбден қарнын тойдырып үйренген, екінші деңгейлі банктің қайырымды-тапсырыс берушісіне кез келген соманы жазып бере салатын бағалаушы мамандар табылады.


- Мемқауымдастықтардың жекешелендіріліп жатқан мүлкін бағалауды шетелдіктерге бергілері келеді деп жатыр?


- Бүгінгі таңда республикалық бағалаушылар палатасына екі министрліктің шенеуніктері мемқауымдастықтардың жекешелендіріліп жатқан мүлкін бағалауды шетелдік мамандарға беру туралы ұсыныстарын жеткізді. Бірақ бұл республиканың ішкі міндеті, бағалау Қазақстанның бағалау туралы заңы мен ұлттық стандарттарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Мұнда шетелдік бағалаушы компаниялардың қатысы қанша? Олар сонда қазақстандық нарықты, бағалау қызметі туралы әзірленіп жатқан нормативті, әдістемелік құжаттарды бізден жақсы біле ме?
Құндық бағалауды салалар бойынша бөлгілері келетін сияқты. Өкінішке орай, бағалаушылар бағалау қызметі бойынша құзырлы орган ретінде ҚР әділет министрлігінің өзі құндық бағалаудың бір бөлігін сот сараптамасы мен сот орындаушыларына бергісі келетінін байқап жүр.
Соған байланысты республикалық бағалаушылар палатасының президиумы ҚР парламенті мәжілісінің жұмыс тобына (жетекшісі –депутат Мұхтар Тыныкеев- ҚазТАГ) сенатқа бекітуге бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жаңа заң жобасын талқылауды жақын арада аяқтауды өтінді.


- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage