Александр ХАЛЕВ: SCAT АВИАКОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ АВИААПАТТЫ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ҚАСЫРЕТІНДЕЙ ҚАБЫЛДАДЫ


Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда өткен 2013 жылдың аса қайғылы оқиғаларының бірі - Алматы түбінде Bombardier ұшағының апатқа ұшырауы болды. Тексеру жұмыстарының нәтижелері әлі жарияланған жоқ, сондықтан дау-дамай толастамай тұр, оның үстіне жаңа қаесеттер де туындауда. Біз осыларға түсініктеме беруін сұрап SCAT авиакомпаниясының атқарушы директоры Александр Халевке жүгінген едік. Ол апаттан соңғы бірінші жыл қалай өткенін айтып берді.

 

- Александр Юрьевич, айтыңызшы, апаттан соңғы алғашқы күндері компанияда не болды?

 

- Авиаапат біздің компаниямыз үшін күтпеген соққы болды, және біз, басқа да авиакомпаниялар сияқты осы апатты жеке басымыздың қасыретіндей қабылдадық. Соған қарамай, авиакомпания шұғыл түрде штаб құрып, қаза болғандардың туыстарымен тікелей жұмыс атқарып, еліміздің бар түкпірінен, алыс және жақын шетелден келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, апат орнына баратын мобильдік топты үйлестіріп отырды. Бірінші күні авиаапат салдарын жою бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Біз Алматы мен Ақмола облысының әкімшіліктерінен, ТЖМ, ІІМ, ІІД, СЭС, Алматы әуежайынан үлкен көмек алдық. Біз сол сәтте біздің қасымызда болғандардың барлығына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

 

- Неге әлі күнге тексерудің ешқандай нәтижесі жоқ?

 

- Бұл өте маңызды мәселе, және мен жауапты түрде мәлімдегім келеді, бұл мәселеге жауапты ең алдымен компания күтуде, және тексерудің объективті болуына мүдделі. Біз үшін де, бүкіл әлем үшін де оқиғаның объективті себебін білу өте маңызды, себебі тексеру нәтижесіне қарап қажет қорытынды шығарылады. Оның мақсаты - келешекте осындай оқиғаларға жол бермеу. Авиакомпания барлық қажет құжаттарды тексеру үшін берді. Бүгінге зерттеу жалғасуда, оның жұмысына Қазақстан мамандары, халықаралық авиациялық комитет (Ресей), ұшақ шығарған (Канада), қозғалтқышы мен авионикасын жасаған (АҚШ) мамандар тартылған. Олар халықаралық ережеге сай жұмыс атқаруда. Әлемдік тәжірибеде авиациялық апатты тексеруге кем дегенде бір жарым жыл кетеді. Мысалы, 2009 жылы 25 ақпанда Скипхол әуежайында (Амстердам) аздаған тұман кезінде Turkish Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағының апаты себебін екі жылдан астам уақыт тексерді. Француздардың Air France авиатасымалдауышының 2009 жылғы 1 маусымдағы апат себебін тексеру 2012 жылы шілдеде ғана аяқталды. Яғни төрт жылдан астам созылды. Бұл мысалдар авиаапаттарды тексеру ұзаққа созылатын процесс екенін, оны тексеру барысында мамандар барлық факторларды салыстыра келіп, апат себебі туралы дұрыс тұжырым жасап, оны келешекте барлық мүдделі жақ зерттеуі керектігін көрсетеді.

 

- Апаттан соң компанияда тексеру болды. Сол тексеру қорытындысында қандай қорытынды жасалды?

 

- Әлемдік тәжірибеге сай жарты жыл бойына біздің компаниямызда тексеру болып, әуе кемелерінің техникалық жағдайы, персоналдың біліктілігі, құжаттық база жағдайы тексеріліп, солардың қорытындысы бойынша авиакомпания өз жұмысының бар қырларының нормаларға сай келетіндігі туралы қорытынды алдық. Одан басқа, былтыр біз әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің халықаралық сертификатын (PART 145) қуаттадық және IOSA сертификациясынан өтуге әуе көлігінің халықаралық қауымдастығының стандарттарына (IATA) сай дайындықты бастадық. Ол пайдалану басқарма жүйесін бағалау үшін, ауе тасымалдаушыларды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға арналған.

 

-Айтыңызшы, қаза тапқандардың отбасына қандай қаржылық көмек көрсетілді?

 

- Былтырғы жыл бойы бірнеше төлем түрі жасалды. Бірінші төлемді авиакомпания апаттан соң екі апта ішінде жасады: отбасылар үш миллионнан алды. Ары қарай компания туғандарынан айырылған отбасылардың тезірек сақтандыру төлемдерін алуларына күш салды. Қазіргі таңда үш отбасы ғана қажет құжаттарын жинап жатыр, ал қалған отбасылардың барлығына сақтандыру төлемдері аударылды. Бұдан басқа авиакомпания бірнеше отбасы балаларының демалысын ұйымдастыруға ықпал етті, балаларын емдетуге көмектесті.

 

- 2013 жылдың басында баспасөзге қайырымдылық есепшотының ашылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осы туралы не айтасыз?

 

- Апаттан кейінгі күндері біздің компания атына қайғымызға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасына көмектескілері келген отандастарымыздан көптеген қоңыраулар келіп жатты. Адамдар сырт қалған жоқ. Сол кезде авиакомпанияда қайырымдылық есепшотын ашу туралы шешім қабылданды, оған 19 шілдеге дейін ақша түсіп тұрды. Ақшалар Қазақстанның ірі кәсіпорындарынан, біздің әріптестерімізден, достарымыздан және бізбен бірге қайғырған қарапайым азаматтардан келіп жатты. 2013 жылдың 19 шілдесіндегі жағдай бойынша жиналған ақша 38 миллион 492 мың теңгені құрады. Құрамына қоғамдық мекемеоердің өкілдері кірген ақшаны бөлу комиссиясының шешімімен барлық ақшалай қаражат бірдей қылып бөлінді. Біз ортақ қайғымызды бөліскендердің барлығына шын жүректен ризамыз.

 

- Осы күндері компанияда қандай шаралар өткізіледі?

 

- Авиакомпания қайтыс болған экипаж құрамы мен жолаушылар туралы ескерткіш тақтасын қойды, ол 2014 жылдың 28 қаңтарында ресми түрде ашылады. Бір жылдығын өткізгеннен кейін, біз әр отбасының қаза тапқандарға арналған Алматыдағы ескерткіш мемориалына өздеріне ыңғайлы уақытта келулерін ұйымдастырамыз. Біздің компанияның бас кеңсесінде, Қазақстандағы филиалдарында және оның сыртында 29 қаңтарда қаралы күн жарияланатын болады. Авиакомпания атынан қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарының қайғысына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл біздің баршамыз үшін орны толмас үлкен қайғы, ол әрқайсысымыздың жүрегімізде мәңгі сақталады.


adimage