Александр ЛЯХОВ, ҚР интернет қауымдастығының вице-президенті: ЖАҚЫНДА ИНТЕРНЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕГМЕНТІНДЕ ҮШ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІС БОЛАДЫ

 

Астана. 29 қырқүйек. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. Мәжілісмендердің «Электрондық ақша туралы» заң жобасымен жұмысы тоқтап қалды: депутаттар бұған заң жобасын әзірлеуші ҚР Ұлттық банкінің нақты және біртұтас ұстанымының жоқтығы себеп болды деп отыр. «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) вице-президенті, халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі Александр ЛЯХОВ ҚазТАГ агенттігіне Қазақстанда электрондық ақша енгізуден туындауы мүмкін проблемалар, ұлттық экономиканың интернет-секторын дамыту перспективасы туралы айтып берді.

 

- Елімізде электрондық ақша енгізу жайы кеңінен талқыланып жатыр. Қазақстан үшін осындай мүмкіндік туралы не айта аласыз? Электрондық ақша енгізілсе қандай проблемалар туындауы мүмкін?

 

- Қазір парламентте электрондық ақша туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын әзірлеуші Ұлттық банк пен нарықтың қатысушылары арасында «түсінбеушілік» басталды. Өйткені нарық бұрыннан бар, адамдар жұмыс істеп жатыр. Олар бұрыннан қалыптасып қойған ережелер бойынша жұмыс істеп жатыр. Ал енді оларға заңнамалық база ұсынылмақ. Әрине бұл заңнамалық база қалыптасқан жағдайларға қайшы келуі мүмкін: де-юре де-фактоға қарама-қайшы.

Электрондық ақша туралы заң керек-ақ. Өйткені «электрондық ақша» деген түсінік болуға тиіс. Іс жүзінде ол жоқ. Батыстың WebMoney, Yandex-ақша, PayPal және т.б. құқық алаңында жұмыс істеп жатқан жоқ. Оларды заңсыз деп атауға болмас, бірақ заңнан тыс деп те айта алмас едім. Және түсініктерді шатастырмауға шақырамын. Заңсыз деген заңға қайшы сияқты, бірақ бұл жағдайда электрондық ақша заңның қатысуынсыз жұмыс істеп жатыр дегенді білдіреді…

Электрондық ақша туралы заң жобасынан басқа электрондық коммерция туралы да заң жобасы жасалды. Бірақ электрондық коммерция туралы заң қажет пе? Бұл – даулы мәселе, өйткені қолданыстағы заңдардың шеңберінде интернеттегі ақша қатынастары шеңберінде құқықтар мен міндеттерді нақтырақ реттейтін түзетулермен шектелуге де болады.

 

-  Александр, Қазақстандағы интернет-сегменттің дамуын қалай елестетесіз?

 

- Интернетке қатысты болжам айту қиын, өйткені бәрі тез өзгереді. Бір-екі жылдан кейін не болатынын айту қиын. Бірақ жақында IPV-6 (ағылш. InternetProtocolversion 6 – IP протоколының жаңа нұсқасы) пайда болады. Яғни IPмекен-жайлар екі есеге артады. Сонда әрбір адамның жеке төлқұжаты сияқты өзінің IPмекен-жайы болады. Сол кезде интернеттегі анонимділікке қатысты даулар сияқты тұлғаның идентификациясына қатысты көптеген проблемалар да өздігінен жойылады.

 

- «Самұрық-Қазына» қоры тобы басшыларының бірінші инновациялық саммитінде «Қазақтелеком» басшысы супермагистраль құрылатынын және LTE желісі 2015жылға дейін енгізілетінін айтқан болатын. Бұл Қазақстандағы интернеттің дамуына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

 

- Айтып отырмын ғой, әр үйде оптикалық талшықтың пайда болуымен не болатынын айту қиын. Аталған процестердің бәрі айтарлықтай тез емес. 3G, 4G енгізу дегенді елестете алмаймыз. Батыста болған немесе ол жаққа жиі баратындар олардың жылдамдықтарын көрген (интернеттемәлімет жеткізу - ҚазТАГ), олар әлемнің кез-келген нүктесінен жоғары жылдамдықта ақпараттың кез-келген көлемін алу интернет-салада болып жатқанның бәріне мүлдем басқаша көзқарас екенін түсінеді.

 

- Мемлекеттің қандай әрекеттері интернет-бизнестің дамуына оң әсер ете алады?

 

- Мемлекет қазірдің өзінде көп жасап жатыр. Байланыс және ақпарат министрінің интернет қоғамдастықпен соңғы кездесулері істің шынымен де алға жылжып отырғанын көрсетеді. Мысалы, пиринг (ағылш. peering – көршілік –интернет-операторлардың өз желілері арасында трафик алмасу туралы келісімі және осы келісімді жүзеге асыратын техникалық ықпалдастық) проблемалары шешіліп жатыр, бұл шынымен де үлкен мәселе. Өйткені мұны біздің елімізде акциялардың мемлекеттік пакетіне ие монополист болғанда жасау аса қиын.

Ілгері қозғалыс байқалады. Төменгі жақта ұсақ провайдерлер бірігіп, ортақ пиринг құрып жатыр. Жоғарғы жақта «Интернет-трафик алмасу орталығы» құрылып жатыр. «Қазақтелеком» да, байланыс және ақпарат министрлігі де түсіністік танытып отыр.

Қазір шынымен де интернеттің дамуын көруге болады. Бастапқы провайдерлерде жаңа магистральдік арналардың пайда болуы, ел ішіндегі инфрақұрылымның жақсаруы байқалады.

Ұялы байланыс операторларының бірінің «Үйдегі интернет» желісінің пайда болуы «Қазақтелекомды» түрткендей. Енді әр үйге оптикалық талшық тарту деңгейінде жарыс жүріп жатыр. Ал оптикалық талшық дегеніміз бұл мәліметтерді жеткізудің мүлдем басқа жылдамдықтары, мүлдем басқа қызметтер және одан туындайтын нәрселер.

 

 

- Ұлттық экономиканың интернет-сегментінің қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?

 

- Немен салыстырғанға байланысты. Бізде ADSL-технологиядан артық ештеңенің жоқтығы нағыз проблема болып отыр. «Мегалайн»қызметі кеңінен тарап, ауылға дейін жетті. Бірақ бұл жылдамдықтар батыс мемлекеттер үшін стандарт болып табылатын пайдалы әрекет коэффициенті емес. Сондықтан жақын уақытта үш революциялық өзгеріс – оптикалық талшық кеңінен тарап, 3G және 4G, IPV-6 енгізіледі. Бұл жаңалықтар алдағы 3-5 жылда болады.

Менің білуімше, қазір оптикалық талшық Алматы мен Астанада тартылып жатыр. Басқа қалаларға келсек, жергілікті жердерден сұраныс көп болғанымен, мұны жасау қиын. Мысалы Қарағандыда бір-біріне жақын орналасқан 500 немесе 1000 пайдаланушы табылды делік, ал оларды қосумен айналысатын компания жоқ. Мұндағы мәселе неде? Пайдаланушылардың белгілі бір саны болғанда мұндай қосылу тиімді болатыны түсінікті, бірақ ең алдымен қаржы салу керек! «Қазақтелеком» сияқты шексіз ақшасы бар компания да жоспарлайды, бюджет қабылдайды, қызметтер бойынша қаражат алдын ала есептелген...Сондықтан жоспардан тыс жобалар инвесторларға, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке үміт артуға тиіс.

Үнемі жақсыны қалайтының түсінікті. Бірақ пайдаланушылардың саны артып отыр, адамдар бәрібір де қосылады. Жастар өсіп келеді, аға ұрпақ интернетті меңгеріп жатыр, сапалы қызметке деген сұраныс артып отыр.

Мен – оптимистпін және қалай қарсылассақ та, прогресс бар екенін білемін.
 


adimage