Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Күні: 11:06, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Алексей Цой басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Цой Алексей Владимирович басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
А. Цой 2017 жылдың ақпанынан бастап вице-министр болып тағайындалды. Оған дейін ол Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: