Алкогольді қолдану коронавирустен қорғамайды, керісінше қауіпті күшейтеді – ДДСҰ

Алматы. 30 наурыз. ҚазТАГ – Алкогольді қолдану коронавирустен қорғамайды, керісінше қауіпті күшейтеді, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) баспасөз қызметінен.
«Деміңізді 10 немесе одан да көп секунд жөтелмей немесе басқа да қолайсыздықты сезінбестен ұстап тұра алу сіздің науқас емес екеніңізді немесе өкпенің басқа да ауруына жолықпағаныңызды білдірмейді. Алкогольді қолдану сізді COVID-19 індетінен қорғамайды және өте қауіпті болуы мүмкін. Алкогольді жиі немесе шектен тыс қолдану денсаулыққа төнетін қауіпті күшейтеді», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні ДДСҰ.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 500 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 25 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 293 жағдайы тіркеліп, 20-сы жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage