«Алматы-2020» бағдарламасындағы ана өлімі көрсеткішіне қол жеткізілмеген

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. «Алматы-2020» бағдарламасында объективті себептер бойынша ана өлімі көрсеткішіне қол жеткізілмеген, деп санайды Алматының стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров.
«Бес жылға арналған және жүзеге асыру мерзімі 2020 жылдың желтоқсанында аяқталатын «Алматы-2020» бағдарламасындағы барлық көрсеткіштерді орындадық. Нені жүзеге асыра алмадық? Ана өлімі өзекті мәселе болып қалып отыр», - деді Қайров жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, басқа өңірлермен салыстырғанда Алматыда ана өлімі көрсеткіші өте төмен, алайда индикаторлар есебінде ол бірқатар объективті себептерге байланысты орындалмай отыр.
«Алматы медициналық хаб болып табылады, көбі осында келіп медициналық көмек алады. Өкінішке орай, науқастардың барлығы уақытында келе бермейді, көбі Алматыға өзге өңірлерден шұғыл түрде жеткізіліп жатады. Сондықтан статистика бойынша «Ана өлімі» көрсеткішінде бізде артта қалушылық бар», - деп санайды Қаиров.

adimage