Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Алматыда кейбір автокөлікке жанар май құю стансаларында (АҚС) ағымдағы аптада дизель отыны мен АИ-92 бензинінің бағасы тағы да қымбаттады.
Бағаларды салыстыру көрсетіп отырғандай, ҚР Мұнай және газ орталығы- мемлекеттік мониторингтік оператор ақпарынша бір айдан бері Қазақстан бойынша 1 л дизель отынының бағасы бұрынғы Т189,01 деңгейінде сақталғанына қарамастан, соңғы екі аптада оңтүстік астананың кей АҚС-та баға екі рет көтерілді: екі апта бұрын Т1-3 болса, алдыңғы аптада Т1-2 көтерілді. сәйкеіснше, отынның осы түрінің 1 л бағасының төменгі шегі де өзгерді Т191-194 (алдыңғы көрсеткіш - Т188-194).
Сондай-ақ, соңғы екі аптада АИ-92 бензині де екі рет қымбаттады: ағымдағы аптаның басында оның бағасының шегі Т151-ден Т153 өсті, бұл ретте оның бағалық шашырауы да өзгерді – Т153-156 (Т151-156).
АҚС-тағы бензиннің басқа маркаларының бағасы 23 қазандағы жағдай бойынша бұрынғыша болып қалып отыр: АИ-95 – сәйкесінше Т167-180 (ресми ақпар бойынша елде – Т175,03); АИ-98 – Т189-212 (Т191,44).
23 қазандағы Алматы АҚС-тағы ЖЖМ құны
ЖЖМ Helios Royal-рetrol ҚазМұнайГаз Sinooil Petrol Asia
АИ-98 - 212 189 - -
АИ-95 180 176 169 175 167
АИ-92 156 155 156 156 153
ДО (жазғы) 193 194 191 193 189
ДО-25 (қысқы) - - 265 - -
ДО-32 (қысқы) - - 270 - -
Алматы АҚС-те 1 л дизель отынының бағасы Т1-2 өсті; АИ-92 бензин Т2-ге қымбаттады
