Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Алматыда кейбір автокөлікке жанар май құю стансаларында (АҚС) ағымдағы аптада дизель отыны мен АИ-92 бензинінің бағасы қымбаттады.
Бағаларды салыстыру көрсетіп отырғандай, ҚР Мұнай және газ орталығы- мемлекеттік мониторингтік оператор ақпарынша өткен аптадан бері Қазақстан бойынша 1 л дизель отынының бағасы бұрынғы Т189,01 деңгейінде сақталғанына қарамастан, кешеден бері оңтүстік астананың кей АҚС-та баға 1 теңгеге көтерілген.
ЖЖМ осы түрінің бағаларын салыстыру оның Алматы жанар май құю бекетерінде құбылып тұрғанын көрсетіп отыр. 2 апта бұрын ҚР Мұнай және газ орталығы ресми түрде жазғы дизель отынының 1 л бағасын 2,48 теңгеге көтергеннен кейін бірқатар отын компаниялары ЖЖМ осы түрінің бағасын 2 теңгеге көтерді. «ҚазМұнайГаз» жанар май құю бекетінде 1 л дизельотынының бағасы Т187-ден Т189 дейін көтерілді; Sinоoil – Т189-дан Т191 дейін көтерілді. сонымен қатар өткен аптаның басында оңтүстік астанадағы АҚС желілерінің бірінде 1 л дизель отынының бағасы бірден Т4-ке арзандаған.
Ағымдағы аптаның басында оңтүстік астананың жекелеген АҚС-тарында 1 л ең сұранысқа ие АИ-92 бензинінің бағасыТ154-тен Т156 (ресми ақпар бойынша елімізде – Т155,57) көтерілген. бұл ретте АИ-92 баға өзгерісі бұрынғыша қалып отыр - Т151-156: АИ-95 – сәйкесінше Т167-180 (Т175,03); АИ-98 – Т189-212 (Т191,44).
11 қазандағы жағдай бойынша Алматы АҚС ЖЖМ бағалары
ГСМ Helios Royal Рetrol ҚазМұнайГаз Sinooil Petrol Asia
АИ-98 - 212 189 - -
АИ-95 180 176 169 175 167
АИ-92 156 155 156 156 151
ДТ (жазғы) 193 191 189 191 187
Алматы АҚС-те 1 л дизель отынының бағасы Т1 өсті; АИ-92 бензин Т2-ге қымбаттады
