Алматыға жақын орналасқан ауыл тұрғындары сумен қамту проблемасына байланысты Талғар жолын жауып тастады

Күні: 15:46, 01-07-2019.

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Алматыға жақын орналасқан ауыл тұрғындары сумен қамту проблемасына байланысты Талғар жолын жауып тастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеролик пен хабарламаға сәйкес, Талғар жолын Бесағаш тұрғындары жауып тастаған, олар елдімекендегі сумен қамту проблемасын шешуді талап етуде. Кадрда адамдардың көптеп жиналуы, полиция формасындағы адамдардың жүргендері көрінеді.
Жолды жауып тастаған тұрғындар ауылдың үшінші күн сусыз отырғанын айтуда.
Бесағаш Алматыдан 22 шақырым жерде орналасқан.
Алматы облысы әкімдігінен ҚазТАГ ХАА тілшісіне жағдайға кейінірек түсінік беруге уәде етті.  


Жаңалықтармен бөлісу: