Алматыға жақын тауларда қар көшкіні қаупі сақталуда

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Алматыға жақын тауларда қар көшкіні қаупі сақталуда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жауын-шашынның күтілуіне, тау бөктеріндегі қар жамылғысының биік және тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 17-18 ақпан күндері қар көшкіні болу қаупі сақталуда. Қар көшкінін тудырмас үшін қар басып қалған тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Тауларда абай болыңыздар», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, 16 ақпанда Алматыда Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігінен және қар жамылғысының орнықсыздығынан қар көшкіні жүруі мүмкін екені хабарланған еді.
17 ақпанда Алматы ТЖД Алматыға жақын тауларда қар көшкіні болғанын хабарлады. Кейін ведомство нақтылағандай, 16-17 ақпанда Алматыға жақын тауларда жеті рет қар көшкіні болған.

adimage