Алматыға жақын тауларда қар көшкіні жүрді

Алматы. 17 ақпан. ҚазТАГ – Алматыға жақын тауларда қар көшкіні жүрді, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Алматыға жақын тауларда қар көшкіні болды. (…) «Қазселденқұтқару» ММ мәліметі бойынша, 17 ақпанда Үлкен Алматы көліне апаратын (Жосалы көлі) жол бойындағы Құмбел бақылау бекетінің маңында қар көшкіні болды. Көшкен қардың қалындығы - 70 текше метр. Жол учаскелерін тазарту үшін «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2 техникасы мен 6 жұмысшы жұмылдырылды. Көлік жүретін жол ашық. Зардап шеккендер жоқ», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 16 ақпанда Алматыда Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігінен және қар жамылғысының орнықсыздығынан қар көшкіні жүруі мүмкін екені хабарланған еді.

adimage