Алматы агломерациясында өнеркәсіптік кластерді дамыту жоспарлануда

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ  - Алматы агломерациясында өнеркәсіптік кластерді дамыту жоспарлануда, делінген Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасының жаңа редакциясының жобасында.
«Өнеркәсіптік өсімнің қарқындылығы үшін бірнеше өнеркәсіптік кластерді дамыту қарастырылуда: «Алматы» Алатау ауданының өнеркәсіптік аймағы (490 га); Медеу ауданында «Инновациялық технология паркі» Арнайы экономикалық аймағы» мемлекеттік иннновациялық кластері (362 га); ҮААЖ түйініндегі Қапшағай тас жолы бойындағы «Береке» индустриалды аймағы (383 га); «Арна» индустриалды аймағы (1 303 га); Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы «Қайрат» индустриалды аймағы (198 га)», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, ҮААЖ түйініндегі Қапшағай тас жолы бойындағы «Боралдай» индустриалды аймағын (602 га); Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылында Даму-Алматы жеке индустриалды паркін (210 га); Алматы облысы Қарасай ауданы Боралдай ауылында Даму – Ақсеңгір (22 га); Талғар ауданы Жаңалық ауылында Даму-Қайрат индустриалды аймағын (142 га) дамыту жоспарлануда.

adimage