Алматы қалалық прокуратурасы алдында 22 ақпанда әкімшілік қамауға алынғандарды қолдап митинг өтіп жатыр

Алматы. 26 ақпан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматыда қалалық прокуратура ғимаратының алдында жиналған 50-ге жуық белсенді 22 ақпанда митингке қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынғандарды босатуды талап етуде.
«Біз барлық әкімшілік қамауға алынғандарды босатуларыңызды талап етеміз, себебі олардың өміріне қауіп төніп тұр. Біздің талаптарымыз қисынды және заңды. Мысалы Дулат Ағеділді алсақ – ол дені сау, мықты жігіт, оның жүрегі қалай тоқтап қалуы мүмкін? Ал ол жерде жас жігіттер мен әйелдер отыр, олар барынша нәзік», - деді митинг қатысушысы Дәулет Әбілқасымов сәрсенбіде.
Өз кезегінде белсенді Әлнұр Илияшев қолданыстағы заңнамаға сәйкес прокуратура қамауға алынғандардың мерзімінен бұрын босатылуын талап ете алатынын атап өтті.
Саясаткер Балташ Тұрсынбевтың айтуынша, акция мақсатының бірі қалалық прокуратураға өз талаптары жазылған петицияны беру еді.
Жиналғандар қолдарына Дулат Ағеділдің суреттерін ұстап алған. Олар Ағеділдің өлімін тексеретін комиссия мүшелері қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалалардан белгілі азаматтық белсенділердің кіруін және тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың өткізілуін және тексерудің ашықтығын қамтуды талап етті.
Митинг қатысушыларына Алматы әкімдігінің өкілі келіп, олардан митингті тоқтатуды талап етті. Жиналғандар оны акция өтіп жатқан жерден қуып жіберді.
Акция өтіп жатқан жерді ШӘАЖ қызметкерлері қоршап алды, бірнеше автобус келді, бірақ жаңалықтар шығып жатқанда ешкімді ұстамады.
Еске салсақ, саяси белсенді Дулат Ағеділ Нұр-Сұлтанда 25 ақпанда тергеу изоляторында қайтыс болды. Полиция ол мас болған-мыс және жүректен кетті деп санайды – ал бұл нұсқаны белсендінің жақтастары мен достары оның ешқашан ішімдік ішпейтінін және денсаулығында кінәраттың болмағанын айтып теріске шығаруда. Сондай-ақ, олар құқыққорғаушылардың айтқандарына қарамастан, Ағеділ оларға барудан бас тартқан жоқ, керісінше 25 ақпанда полицияға баруды жоспарлап отырған еді деді.
Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі өкілетті Эльвира Азимова жағдайға түсінік бере келе, Ағеділдің мас болғаны, болмағаны маңызды емес, маңыздысы оны ұстау барысында бұзушылықтың болған, болмағаны деп санайды.
Күндіз 25 ақпанда ондаған қарсылық білдірушілер Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік даңғылын жауып тастап, ІІМ басшылығының түсінік беруін талап етті. Азаматтар ашық сот-медициналық сараптамасын өткізуді талап етті. Күш құрылымдары белсенділерді полицейлік автобустарға күштеп отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Көшені жауып тастағандарды полицейлер «арандатушылар» деп атады. Кей ақпар бойынша шамамен 50 адам ұсталған, олардың біреуінің қолы сынған. Қазір ғаламторда Ағеділді ұстау кезіндегі видео тарап кетті – ұсталғандар азаматтық киім киген, беттерін жауып, өздерін таныстырудан бас тартты, саяси белсендінің қолына кісен салып, азаматтық нөмірі бар көлікпен алып кетті. Кейін белгілі болғандай, тергеу изоляторындағы бақылаушы Ағеділдің камерада бірнеше мәрте жүрегінің айнығанын білген. Белсенділер өздерінің жақтастарының өлімін тексеру жөнінде штаб құрды. Қазақстандық адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис Ағеділдің денесін тәуелсіз сарапшы-дәрігерлер тексеруі қажет деп санайды.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, Алматыда Ағеділдің тергеу изоляторындағы өліміне ашынғандар қала департаменті ғимаратының алдында саяси тұтқындарды босатуды талап етуде. Кейін белгілі болғандай, саяси белсенділер Дулат Ағеділдің өлімінен кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың отставкаға кетуін талап етіп, митинг өтетінін хабарлаған.

adimage