Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

Күні: 13:34, 15-04-2019.

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Берік Адамов Алматы қаласы прокурорының жаңа бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады қалалық прокуратура сайтынан.
«Бас прокурордың 2019 жылғы 12 сәуірдегі бұйрығымен Берік Адамов Алмат ықаласы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Бұған дейін Адамов 2017 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласы прокурорының орынбасары болған.
«Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі болып тастаған. Әр кездері Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры, Қарағанды облысы мен Астана қаласының прокуратура басқармасының бастығы, бас прокуратура департаменті бөлімінің аға прокуроры, Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры болған», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: