Алматы-Атырау рейсін орындау кезінде Air Astana ұшағының қозғалтқышына құс соққан

Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ – Алматы-Атырау рейсін орындау кезінде Air Astana ұшағының қозғалтқышына құс соққан, деп хабарлады әуе компаниясы.
«Бүгін Алматы-Атырау бағытында ұшқан Airbus A320 ұшағын тексеру барысында оның қозғалтқышына құстардың соққан іздері байқалды. Бортты пайдалану оның техникалық жағдайын бағалау үшін уақытша тоқтатылды. Соған байланысты Атырау – Алматы бағытындағы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалатын болады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қазақстандық авиатасымалдаушылар мен Air Astana компаниясына қатысты шағымдар көптеп түседі, оның ішінде рейстердің кешіктірілуіне, жолаушыларды рейстен түсіріп тастау, ұшақтағы орын санынан көп көлемде билеттердің сатылуы секілді жайттар көп кездеседі. Мәселен, 8 маусымда ҚазТАГ Air Astana жолаушылардың біразын түсіріп тастады деп хабарлады.
18 маусымда белгілі болғандай, Air Astana рейсімен Анталияға ұшатын 200 –ден астам туристің Алматыда кідіріп қалғаны белгілі болды. Әуекомпаниясы Түркияға ұшатын рейсің кешіктірілуін ұшақтан табылған ақаумен түсіндірді.
19 маусымда ҚазТАГ Анталиядан Алматыға ұшатын Air Astana әуекомпаниясының рейсінің кешіктіріліп жатқанын жеткізді. Ондағы жолаушыларды Қазақстанға Баку арқылы әзірбайжандық авиакомпаниямен жеткізулері мүмкін екендері атап өтілген. Кейін әуекомпаниясы ақпаратты растады – белгілі болғандай, Анталия-Алматы ұшағына 30-ға жуық жолаушы сыймай қалған.
20 маусымда ҚазТАГ дерек көзі хабарлағандай, соңғы кездері рейстердің кешіктірілуінің, жолаушыларды түсіріп тастаудың жиілеп кетуі Қазақстанда ұшақтың жетіспеуінен болуы мүмкін.
26 маусымда белгілі болғандай, Air Astana авиакомпаниясының бірден үш рейсі кешіктірілген.
8 шілдеде белгілі болғандай Air Astana жолаушыларының жүгі Франкфурт әуежайында қалып қойған.
9 шілдеде Шымкенттен Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың сол жақ қозғалтқышы істен шыққан. Бұған дейін бұл ұшақтың апаттық жағдайға байланысты Шымкентке қайта оралғаны айтылды. Сол күні Air Astana рейсінің кешіктірілуінің екінші жағдайы орын алды – бұл жолы Оралда, рейс техникалық себептерге байланысты кешіктірілген.
23 шілдеде белгілі болғандай, Air Astana компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін айыппұл салынды. 29 шілдеде Air Astana еншілес құрылымы FlyArystan компаниясына да айыппұл салды.
3 тамызда белгілі болғандай, Air Astana ұшағы Алматыдан Анталияға ұшу үшін бірнеше сағатқа кешіккен. Компания жағдайды сұйықтықтың ағып кетуімен түсіндірді.
5 тамызда Air Astana компаниясына қатысты тағы да айыппұл салынғаны белгілі болды. Бұл осымен биылдыққа салынып отырған төртінші айыппұл.
Сонымен қатар, 5 тамызда Air Astana авиакомпаниясының уақытылы келу көрсеткішінің былтырмен салыстырғанда 10,7% дейін түсіп кеткені белгілі болды. Бұдан бөлек, Air Astana рейстерінің кешіктірілуіне балапан шығарған құстарды кінәлады.

adimage