Алматы айырбас қосындарында АҚШ долларының сату бағамы Т365,5, Астана мен Шымкентте Т365,7 және Т367 дейін жетті

Күні: 10:52, 18-10-2018.

Алматы 18 қазан. ҚазТАГ - Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларының сатылым бағамы Т365,5, Астана мен Шымкентте – Т365,7 және Т367, деп хабарлайды Kurs.kz.
17 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T363, сатылу - T365,7 болды.
Алматыда сатып алу кезінде АҚШ валютасының максималды бағамы T364,5, сату - T365,5.
Шымкентте ең жоғарғы сатып алу бағамы Т364, ал сату - T367.
Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған ресми доллар бағамы 1 доллар үшін Т363,26 құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: