Алматы айырбас қосындарында АҚШ долларының сату бағамы Т368,5, Астана мен Шымкентте Т367 және Т370 дейін жетті

Күні: 10:39, 19-10-2018.

Алматы 19 қазан. ҚазТАГ - Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларының сатылым бағамы Т368,5, Астана мен Шымкентте – Т367 және Т370, деп хабарлайды Kurs.kz.
19 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T365, сатылу - T367 болды.
Алматыда сатып алу кезінде АҚШ валютасының максималды бағамы T366, сату - T368,5.
Шымкентте ең жоғарғы сатып алу бағамы Т366, ал сату - T370.
Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған ресми доллар бағамы 1 доллар үшін Т364,35 құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: