Алматы айырбас қосындарында АҚШ долларының сату бағамы Т373, Астана мен Шымкентте Т372,5 және Т374 дейін жетті

Күні: 10:29, 10-10-2018.

Алматы 10 қазан. ҚазТАГ - Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларының сатылым бағамы Т373, Астана мен Шымкентте – Т372,5 және Т374, деп хабарлайды Kurs.kz.
10 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T370,5, сатылу - T372,5 болды.
Алматыда сатып алу кезінде АҚШ валютасының максималды бағамы T370, сату - T373.
Шымкентте ең жоғарғы сатып алу бағамы Т370, ал сату - T374.
Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған ресми доллар бағамы 1 доллар үшін Т372,17 құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: