Алматы айырбас қосындарында АҚШ долларының сату бағамы Т372,5, Астанада Т373 және Шымкентте- Т375 дейін өсті

Күні: 10:32, 09-10-2018.

Алматы 9 қазан. ҚазТАГ - Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі АҚШ долларының сатылым бағамы Т372,5, Астанада – Т373 және Шымкентте - T375, деп хабарлайды Kurs.kz.
9 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T371, сатылу - T373 болды.
Алматыда сатып алу кезінде АҚШ валютасының максималды бағамы T370, сату - T372.5.
Шымкентте ең жоғарғы сатып алу бағамы Т372, ал сату - T375.
Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған ресми доллар бағамы 1 доллар үшін Т372,27 құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: