Алматы барларының бірінде журналистті қылғындырып, смартфонын тартып алуға тырысқан

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы барларының бірінде журналист Әлима Пардашеваны қылғындырып, смартфонын тартып алмақ болған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Екі сағат бұрын біз менің каналымның бір жылдығын атап отырғанбыз. Сол кезде маған біреу тиісті – ол менің телефонымды ұрламақ болып, мені қылғындырды, мен одан телефонымды қайта тартып алдым. Қазір полиция департаментінде жазып отырмын, арыз дайындап жатырмын», - деп жазған Пардашева жұма күні өзінің Telegram-каналында.
Кейін ол өздері отырған бардың атын да жазды – Circle Bar.
«Сөйтсем мен оның жалғыз құрбаны емес екенмін. Департаментте тағы бір адамды кездестірдік, оның да сол біз барған барда iPhone телефонын ұрлап кетіпті, оны да қылғындырған, ол есінен танып қалған», - деді Пардашева.
ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы ПД сауал жолдады.

adimage