Алматы бюджетінде тиіндерге ақша табылады, ал ауған соғысының ардагерлерін қолдауға қаржы жоқ

Күні: 17:52, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматы әкімдігі Ауғанстаннан әскерді шығарылғанына 30 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлеріне қаржы бөлмеген, деп мәлімдеді Қазақстандағы «Жауынгерлік бауырластық» Қорының президенті Сергей Пашевич.
«2018 жылдың жазында бір топ ардагер үкіметке хат жазды, ол хатта Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 30 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлеріне қандай қолдау көрсетіледі деп сұраған. Біз төлемақыларды жергілікті бюджет есебінен қарастыру ұсынылды деген жауап алдық. Барынша алды-артын ойлайтын әкімдер - атап айтсақ, Өскемен, Астанада – бюджетте қаржы қарастырып қойған және ол жақтарда ардагерлер 35 АЕК көлемінде төлем алады. Алматы әкімдігінде бізге ақша жоқ деп айтты. Осылайша, тіиндерге қаржы табылады да, ауған соғысының ардагерлерін қолдауға келгенде –ақша жоқ», - деді С.Пашевич сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, екінші шешілуі қиын проблема ауған соғысы ардагерлеріне медициналық қызмет көрсету және оңалту проблемасы.
«Біз Алматыдағы госпиталымызды қайта қалпына келтіру үшін күресіп келеміз – іс тұрған жерінен қозғалар емес. 2018 жылдың қарашасында біз осы мәселе бойынша митинг өткізгіміз келген, алайда келген денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой бізге ақша бөлініп атыр деп ант су ішіп кетті. Жақында біз бұрын біздің госпиталь орналасқан мекенжайда (Ладушкина к., 120А) 120 орындық көпсалалы аурухана салынатыны туралы техерекшелік алдық. Біз келесідей сауал тастамақпыз: ол аурухананың ардагерлерге қызмет көрсету бойынша бағыты сақтала ма, әлде ол шынымен де аурухана бола ма?», - деді Ауғанстан соғысы мен басқа да локальдық қақтығыстардың ардагерлері және мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесі Мурат Абдушкуров.
Сонымен қатар М. Абдушкуров бірінші кезекте шешуді талап ететін бірқатар міндеттерді атап көрсетті.
«Бізге Ауғанстандағы соғысқа және басқа да локальды қақтығысқа қатысушылардың статусына қатысты мәселені шешу керек. Қазір біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен теңестірілдік. Олар жыл өткен сайын азайып жатыр, соңғылары кетсе біз кімге теңестірілеміз-түсініксіз», - деп атап өтті ҮК басшысы.
Сондай-ақ, ол тұрғын үй мәселесі шешіліп (баспана алу кезегінде 420 ауған әскері тұр), мемәлеуметтік төлемі көбейтілуі керек, оның ай сайынғы көлемі қазір Т15 мыңды құрап отыр.
Ауғанстандағы соғысқа Қазақстаннан 22 мыңнан астам әскер мен офицер қатысты, 900-ге жуық адам мерт болды, 19-ы осы уақытқа дейін із-түссіз жоғалғандар санатында. Қазір ҚР-да шамамен 17 мың ауған соғысының ардагері тұрып жатыр.
Ауғанстаннан 40-шы армияның шығарылғанына 30 жыл 2019 жылдың 15 ақпанында атап өтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: