Алматы – Екатеринбург тас жолында ЖКО салдарынан бес ресейлік пен қырғызстандық зардап шекті

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ - Қостанай облысында Алматы – Екатеринбург тас жолында ЖКО салдарынан бес ресейлік пен қырғызстандық зардап шекті, деп хабарлады alau.kz.
«Жол апаты 10 маусым күні кешкісін орын алған. (…) РФ бес азаматы зардап шекті. Олар бір отбасы, соның ішінде 7 және 3 жастағы балалар бар. Барлығы Қарабұлық ОАА жткізілді. Сонымен қатар 1981 ж.т. Қырғызстан азаматы да зардап шекті» - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, департаментте нақтылағандай, ЖКО Алматы-Екатеринбург тас жолында Toyota Estima шағын автобусы мен Toyota Corolla жеңіл көлігінің соқтығысуы салдарынан орын алған.
Оқиға орнына ТЖД, полиция департаментінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жеткен.

adimage