Алматы көлік тұрағындағы өрт: тоғыз көлік өртенді, үшеуі зақымданды

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Алматыдағы көлік тұрағындағы өрт кезінде тоғыз көлік өртенді, тағы үшеуі зақымданды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.
«Тұрақта тоғыз машина болған, барлығы да толығымен өртеніп кетті. Сыртқа соққан ыстықтан үш көлік зақымданды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін хабарланғандй, Алматыда көліктер тұрған тұрақтағы алапат өрт сөндіріліп жатыр.

adimage