Алматы әкімдігі әкім мен оның тумаларының АParking-ке қатыстылығын теріске шығарды

Күні: 12:42, 27-11-2018.

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Алматы  әкімдігі әкім мен оның тумаларының  Аlmaty Parking компаниясына қатыстылығын теріске шығарды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Алматы әкімдігі ресми түрде қала әкімі де, оның отбасы мүшелері мен басқа да тумаларының АParking компаниясында үлесі жоқ деп мәлімдейді. Соған байланысты әкімдік қаланың құқыққорғау органдарына жалған және ғайбаттау сипатындағы ақпараттың таратылу дерегі бойынша құқықтық баға беру және оны ұйымдастырушылар мен қатысы бар барлық адамдарды жауапқа тарту мүмкіндігін қарастыру үшін жүгінді»,- делінген сейсенбідегі әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарында.  
Бұған дейін мессенджерлерде Алматыдағы ақылы тұрақтардың ақпараттық стендтерінің суреттері таратылған болатын. Оларда «Назар аударыңыз! Сіз білесіз бе?! Әкімнің отбасының ақылы тұрақтармен байланысы бар! («Внимание! А вы знали?! Семейство акима связано с платными парковками!») деген жазуы бар плакатар ілінген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: