Алматы әкімдігі төрт жылда «Даму» қорына Т10 млрд несие беруді жоспарлауда

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы әкімдігі төрт жылда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға Т10 млрд несие беруді жоспарлауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығындар («Жібек жолы» өңірлік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредиттеу, мың теңгемен – ҚазТАГ): 2019 – 1 млрд; 2020 – 3 млрд; 2021 – 3 млрд; 2022 – 3 млрд», - делінген бюджеттік бағдарлама жобасы сипаттамасында.
Құжатты Алматы әкімдігі ұсынған, ал бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде қаланың кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы  көрсетілген.
«Мақсаты: шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету. Міндеті: ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнімдегі – ҚазТАГ) ШОБ (шағын және орта бизнес- ҚазТАГ) үлесі 2020 жылы – 37,8 %, 2021 жылы – 40 %, 2022 жылы – 41,7%», - делінген жобада.

adimage