Алматы әкімдігі жақында Азия ойындарының жүлдегерлеріне берілген ақшалай сыйақы сомасын жасырып отыр

Күні: 16:18, 16-10-2014.

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматы әкімдігі жақында оңтүстік корейлік Инчхон қаласында өткен  Азия ойындарының жүлдегерлеріне берілген ақшалай сыйақы сомасын жасырып отыр.

«Түсінкітеме бермей-ақ қояйық, жай бағалы сыйлықтар. Жай ресми түрде бағалы сыйлықтар деп айтамыз болды», - деді Алматы әкімінің баспасөз хатшысы   Данияр Сиқымбаев.

Өз кезегінде жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы Асхат Бағаев та сыйақы сомасын айтудан бас тартты.

«Оларға (спортшыларға - ҚазТАГ) ақшалай сыйлықтарды конверттермен тапсырды, болды.  Олардың еңбектеріне сәйкес және жаттықтырушыларына ақшалай сыйақылар.  Біз бөтеннің қалтасына сұқтанбаймыз ғой, біз тіпті өзіміз де (қанша екенін – ҚазТАГ) білмейміз», - деді  А.Бағаев.

Қазақстанның су полосынан бас жаттықтырушы Сергей Дроздовтың айтуынша сыйақы коммерциялық құпия болып табылады екен.

«Жгіттерге ақшалай сыйақы берілді, барлығына әр түрлі, ол санды атай алмаймын, коммерциялық құпия», - деді ол.

Ал олимпиада чемпиондарының бірінің айтуынша Азия ойындары жеңімпаздарының сыйақы көлемі     Т300 мыңнан Т500 мың аралығында екен.

«Бәрі құпия, оларға  (спортшыларға - ҚазТАГ) әзірге ештеме айтпау тапсырылған. Мен сонда да біліп алдым: Дмитрий Баладин (жүзу - ҚазТАГ)   миллион алды – ол жалғыз ғана, ол 3 медалға ие болды, сондықтан осындай сома. Қалғандары  - 1 орын Т500 мың, 2 -  Т500 мың, 3- Т300 мың және барлық 12 жаттықтырушы Т300 мыңнан алды», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, алматылық спортшылар оңтүстік корейлік Инчхонда өткен жазғы XVII Азия  ойындарында 19 алтын, 3 күміс және 23 қола медаль алған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысының әкімі Азия ойындарының чемпионына пәтер кілті мен Т1 млн көлемінде сыйақы тапсырған, сондай-ақ тағы 2 чемпион осындай көлемдегі сыйақыға ие болса, «күміс» жүлдегер Т750 мың алды.  

Павлодар облысында жүлдегерлер «алтын» үшін  -  Т1,5 млн, күміс үшін -  Т1 млн, қола үшін Т500 мың алған.

Оңтүстік Қазақстан облысында алтын медаль иелері, ал олардың саны 9, Т1 млн-нан алды, 6 «күміс» жүлдегер Т750 мыңнан алса, қола жүлдеге ие болған 14 спортшы Т500 мыңнан алды.   Бұл ретте «алтын» медаль иелерінің жаттықтырушылары   Т750 мың, «күміс» медаль иелерінің жаттықтырушылары  Т500 мың, «қоланың» жаттықтырушылары   Т300 мыңнан алды.

Батыс Қазақстан облысында алтын медаль алған спортшыларға  Т1 млн, қола үшін Т500 мың және қатысушыларға    Т100 мыңнан табыстады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі де Азия ойындарының жеңімпаздарына   Т1 млн, қола медаль үшін   Т500 мың табыстады.

Еске салсақ, Сочи олимпиадасының жалғыз жүлдегері   Денис  Теньге Алматы әкімдігі    Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыстаған болатын.

XVII жазғы Азия ойындары  19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Корея Республикасының Инчхон қаласында өтті.  Қазақстан 84 медаль иеленді, оның ішінде 28 алтын, 23 күміс, 33 қола.  


Жаңалықтармен бөлісу: