Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Алматы әкімінің орынбасары болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды», - деп хабарлады дүйсенбіде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әзірбаев әр кездері «Қуат-Агро» агрохолдингтік компаниясының бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы, «АБН АМРО Банк» және «Қазкоммерцбанк» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған. 2017 жылдан бері «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мұхит Әзірбаев кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26