Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Жанар Байбек ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қазандағы №768 жарлығына сәйкес Астана қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.
«ҚР Конституциясының 82 б.2т., 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі және судьялардың статусы туралы» ҚР Конституциялық заңының 31б.2,3,5 т.34б 3т.2)тт 1т. 1), 2), 11-1) тт сәйкес Астана қаласы сотының судьясы қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босата отырып, Байбек Жанар Кенжеғарқызын тағайындау туралы қаулы етемін», - делінген құжатта.
Хабарда атап өтілгендей, Ж.Байбек Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жолдасы.
Алматы әкімінің жолдасы Жанар Байбек Астана қалалық сотының судьясы болып тағайындалды
