Астана. 27 қараша. ҚазТАГ - Алматы колледждерінің бірінің бас есепшісі Т14 млн астам қаржы жымқырған деп күдіктелуде, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы білім басқармасының «Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі» МКҚК бас есепшісіне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол өзінің карталық шотына негізсіз аудару жолымен «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген Т14,131 млн бюджеттің ақшалай қаражатын жымқырған деп күдіктелуде», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Агенттікте нақтылағандай, кунәсін мойындауы және келтірілген залалды толық өтеуіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ, күдікті мен оның қорғаушысына міндетті түрде сотқа келу қағазы тапсырылды.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26