Алматы колледжіндегі жарылыста зардап шеккендердің жағдайы тұрақты – бас дәрігер

Күні: 13:39, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыдағы сән және дизайн колледжіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, деп хабарлады Алматы ЖЖКА бас дәрігері Манат Сейдуманов.
«Менің айта алатыным, құдайға шүкіл, балалардың жағдайлары тұрақты», - деді сейсенбі күні М.Сейдуманов ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол зардап шеккендер мен олардың ата-аналарына ақпараттық тыныштық керек екенін атап көрсетті.
«Кеше осы оқиғаға деген жаппай қызығушылық зардап шеккендердің туыстары тарапынан реніш тудырды. Қазір ата-аналарын да, балаларды да, колледжді де дүрліктірмей сабырмен, тыныштық сақтау керек, оның ішінде ақпараттық тыныштықты да сақтау керек. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2-3 күнда осыған қатысты түсініктемелер таратылып тұрады», - деді М.Сейдуманов.
Еске салсақ, 17 қарашада 09.20 сағатта Алматының Алмалы ауданындағы «Сән және дизайн» колледжінде АӘД сабағында граната жарылды. ТЖ нәтижесінде бір оқушы қаза болып, тағы 11 оқушы әр ауыртпалықтағы жарақат алды. 60 оқушы эвакуацияланды.
Граната жарылысы дерегімен Алматы ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251 б. бойынша (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру) және 101 б. (абайсызда адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. АӘД мұғалімі ұсталып, тергеу абақтысына жатқызылды. Жарылыс себебін тексеруге арнайы комиссия құрылды.


Жаңалықтармен бөлісу: