Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Алматы маңы мен тағы екі облыста алдағы үш күнде ағын сулар қалыптасуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Қызылорда облысы аумағында 2019 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қар еру мен ағын сулардың қалыптасуы және мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалуы күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Алматы маңы мен тағы екі облыста алдағы үш күнде ағын сулар қалыптасуы мүмкін
