«Алматы- Маңғыстау» және «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» пойыздарының құрамы 25 жаңа плацкарттық вагондармен толықтырылады

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ - «Алматы- Маңғыстау» және «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» пойыздарының құрамы 25 жаңа плацкарттық вагондармен толықтырылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың тамыз айында жоғарғы сұраныстағы екі бағыт - «Алматы- Маңғыстау» және «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» пойыздарының құрамы 25 жаңа плацкарттық вагондармен толықтырылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, аталмыш вагондар ауа салқындатқыш жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар заман талабына сай комфорт пен қауіпсіздік деңгейі, экологиялық таза әжетхана орындары, өртке қарсы дабыл жүйелері ескерілген..
«Жаз маусымында ұлттық тасымалдаушыға қарасты барша вагондар іске қосылады. Ал алдағы 10 жыл ішінде жаңа 1200 вагон сатып алынады», - делінген хабарда.

adimage