Алматы Марафонында қамауға алынғандардың бірі Ілияс Жансүгіровтың шөбересі екен

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Алматы Марафонында қамауға алынған Әсия Төлесова қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтың шөбересі болып келеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әсия Төлесова – елінің ұлы ақыны Ілияс Жансүгіров пен оның әйелі Фатима Ғабитованың шөбересі», - делінген The Steppe интернет басылым материалында.
Материал 2018 жылдың қыркүйегінде жарық көрген, сол материалда Төлесованың Common Sense қоғамдық қорында экологиялық және білімге қатысты жобалармен айналысатыны айтылған.
Еске салсақ, 21 сәуірде Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшелерінің қиылысында қолдарында «От правды не убежишь», #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген плакаттары бар бір топ адам ұсталған. Екі белсендіні –Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыс, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және жөткізу туралы заңнамасын бұзу) кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Аталмыш шешімді қоғам өкілдері айыптап жатыр. 22 сәуірде Алматы полициясының департаменті Төлесова мен Толыбеков «марафон қатысушыларына айқын сыйламау» танытты деп мәлімдеді.
22 сәуірде ұсталған белсенділерді қолдау үшін Алматы қалалық соты ғимаратыың алдына бір топ адамның жиналғаны белгіллі болды.

adimage