Алматы мектебінде 7 бала бұрыш баллонынан уланып ауруханаға түсті

   Алматы.29 наурыз.ҚазТАГ- Алматы мектебінде 7 бала бұрыш баллонынан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
   «29 наурыз күні полиция бөлімшесіне Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түсті. 7 оқушы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
    Аталған дерек бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданады.
   Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

adimage