Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, редакцияға Әуезов, Алмалы, Бостандық, Наурызбай аудандары тұрғындарынан электр энергиясының өшірілгендігі туралы шағымдар келіп түсті.
Келіп түскен ақпарға сәйкес, Алматының шеткі ықшам аудандарының тұрғындары да жарықсыз қалған.
Қалада бағдаршамдар жасамай тұр.
Сонымен қатар, Алматыға қарайтын Алматы облысы өңірлерінде де жарықтың жоқтығы туралы хабар келіп түсті. Атап айтсақ, Талғар қаласында да электр энергиясы жоқ.
ҚазТАГ ХАА редакциясы оңтүстік астана мен облыстағы жағдай себебін анықтауда.
.

adimage