Алматы мен Нұр-Сұлтанда ауруханаға бару үшін үйден шығуға болады

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматы мен Нұр-Сұлтанда ауруханаға бару үшін үйден шығуға болады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Медициналық қызмет алуға мәжбүр азаматтарға ауруханаларға баруға рұқсат етіледі, және ол дәлелді себеп болып есептеледі», - деді Абаев жұмадағы брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 125 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage