Алматы мен Ош арасына тікелей әуехабарламасы ашылды

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ - Алматы мен Ош арасына тікелей әуехабарламасы ашылды, деп хабарлады Qazaq Air авиакомпаниясының баспасөз қызметінен.
«Бүгін ұзақтығы 1 сағ 5 мин болатын Алматы-Ош бағытындағы алғашқы ұшақты 64 жолаушы пайдаланды. (…) Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік астаналары арасындағы алғашқы жолаушылар рейсі бүгін Qazaq Air авиакомпаниясының Q400 NextGen ұшағымен жүзеге асырылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, алғашқы рейсті қарсы алу үшін Ош қаласының вице-мэрі Асылбек Топчубаев, Қазақстан Республикасының Қырғызстанның оңтүстік астанасындағы елшісі Данияр Атанов, «Манас» Халықаралық әуежайы» ААҚ Ош филиалының директоры Талантбек Ысаков пен басқа да ресми тұлғалар қатысты.
«Ош-тан Алматыға кері ұшқан кезде жолаушылар арасында қырғыздың ұлттық киімін киген төрт құрметті қонақ болды, олар жарияланған акция талаптарына сәйкес тегін ұшу құқығына ие болды», - делінген хабарда.

adimage