Алматы мен Ростов-на-Донуға тікелей әуе рейсі шықты

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ - Алматы мен Ростов-на-Донуға тікелей әуерейсі шықты,  деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің сайтынан.  
«Біз рейстеріміздің санын көбейтіп жатырмыз.  Атап айтсақ, желтоқсан айының соңында Алматыға рейс ашу жоспарда бар. Келесі жылдың жазында, Калининградқа ашатын боламыз», – деді «Азимут» әуекомпаниясының бас директоры Павел Екжанов.  
Оның ақпарынша, басқа бағыттар ретінде Калуга да қарастырылуда, алайда ол атап өткендей, «бүгін ол туралы айту ертерек».  
П.Екжанов атап өткендей, әуекомпаниясын дамытудағы басты стратегия мәскеулік көлік торабын қозғамайтын ұшуларды орындау.  
«Бұл біздің компанияның негізгі саясаты және оны біз президенттің ұсынысы және жарлығына сәйкес ойластырдық», – деді ол.  

adimage